Текст
Кішкентай бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру және кітапханада сан алуан кітаптың болатындығы жайлы балаларға түсіндіріп қана қоймай, өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстап көрсету, кітапханашылардың жұмысы туралы мағлұмат беру мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған жоспар бойынша № 6 «Ақбота» тобының балалары тәрбиеші Гүлназ Бектемірқызымен бірге кітапханаға саяхат жасады. Саяхат барысында балалар кітапхананың не екені жайлыбіліп, әртүрлі кітаптарды қарап, қуанышқа бөленді. Кітапхана және ондағы қызметкерлері жайлы әңгіме жүргізілді. Саяхаттан барлығы жақсы әсермен оралды.