Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Қарлығаш" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Карлыгаш" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер

2025 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есеп

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет берушілер туралы мәліметтер Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі жанындағы Көкшетау қаласының «Қарлығаш» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны көрсетеді. Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, Юбилейный мөлтек ауданы, 49.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат 2025 жылы Көкшетау қаласының «Қарлығаш» балабақшасы тарапынан барлығы 153 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

  • қызмет берушінің кеңсесі арқылы – 25 қызмет;
  • қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде – 128 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту жағдайлары тіркелген жоқ. Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Мектепке дейінгі білім беру саласындағы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет: «Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау».

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер Қызмет алушыларға қажетті барлық ақпарат мектепке дейінгі ұйымның ресми интернет-ресурсында (http://ds0002.kokshetau.aqmoedu.kz/) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Онда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері жарияланған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде ережелер көрсетіліп, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Ай сайын БАҚ және интернет-ресурстар арқылы халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету жұмыстары жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Көкшетау қаласының «Қарлығаш» балабақшасы бірыңғай Akmola.kz ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс істейді. Балабақшада мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер көрсетеді. 2025 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат 2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту жағдайлары анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері 2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша «Қарлығаш» балабақшасының қызметіне қатысты ескертулер жоқ.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру перспективалары

Тиімділікті арттыру және қызмет алушылардың қанағаттанушылығын нығайту мақсатында келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

 

 

Меңгеруші:             Апенова А.А.

 

 

 

 

 

 

          


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст