Текст
Қош бол балабақшам!
Бүгін 27 мамырда #6 Ақбота тобында балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өтті. Ертеңгілік барысында балалар əн шырқап, тақпақтарын айтып өнерлерін көрсетті. сонымен қатар ойын ойнап, жыл бойы алған білімдерімен бөлісті. Ертеңгілік балабақша меңгерушісі мен ата аналардың құттықтау сөздерімен аяқталды. Балалар дипломмен, ата аналар алғыс хатпен марапатталды. Ертеңгілік өте көңілді де қызықты өтті