Тақырыбы: «Дәрумендер-денсаулық кепілі»
Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Дәрумендер пайдасы. Пайдалы дәрумендерді қандай тағамдардан аламыз. Тамақтану тәртібі мен оның пайдасы туралы негізгі түсінік қалыптастыру,тағам құрамымен- дәрумендер, дәрменді заттар туралы түсінік беру. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін, ой-өрісін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамыту, ағза үшін дәрменді заттардың маңызын ұғындыру. Тәрбиелік мақсаты: Күн тәртібін сақтауға, ұтымды тамақтана білуге баулу, жеке бас гигиенасын қалыптастыру. Түрі:Тәрбие сағаты Әдісі: сұрақ-жауап, әдеби-музыкалық. Көрнекілігі: Елбасының сөзі, слайд
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: «Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы» — дегендей сәлемдесіп алайық.
Тәрбиеші: «Сәлеметсіңдер ме, балалар!»
Балалар: «Сәлеметсіздер ме!»
Сабаққа біз барамыз,
Досымызды табамыз. Сәлемет пе, міне мен, Доспын енді сенімен.
II.Кіріспе: Тәрбиеші:Салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы. «Дені сау ұрпақ-мемлекет байлығы» - деп Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз айтып кеткендей. Денсаулық зор байлық, сондықтан да біз өз денсаулығымызды күте білуіміз керек.Міне осы мақсатта біз бүгінгі дәрумендерге байланысты «Дәрумендер-денсаулық кепілі» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Дені сау, адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Отанымыздың келешегі, көркеюі үшін өз үлесімізді қосу үшін балалар,сендер не істеулерің керек? Денсаулығымыз мықты болу үшін не істейміз? -Салауатты өмір салтын сақтауымыз керек
ІІI. Негізгі бөлім: Тәрбиеші: Тек дұрыс тамақтану, тағамды таңдай білу, күтіну ғана адамды барлық ауру-сырқаудан құтқара алады.Сол үшін де тағамның құнарлы болғанына көңіл бөлген жөн. Ал бірыңғай құнарсыз тағамдарды тұтыну - дәруменнің жетіспеушілігін туғызады. Егер тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, соның салдарынан адам түрлі ауруға тез шалдығады екен. Дәрумендер - адам ағзасы үшін өте қажетті биологиялық белсенді зат болып табылатынын, олар ағзаға күнделікті ішіп-жейтін тағамдар арқылы берілетінін білесіңдер ме?
Тәрбиеші: Олай болса сол дәрумендердің қандай пайдасы бар, олар қандай жемістерде кездесетінін дәрумендердің өзінен сұрап өтейік
Айзере
Витаминдер тірегің
АВСДЕ деп аласың
Жетіспесе бір оның
Ауырып сен қаласың
Аружан:А
Мен болмасам егерде
Көзің жақсы көрер ме?
Жетіспесе ағзаңда
Бойың биік өсер ме?
Мен сарғыш не қызыл түсті тағамдарда кездесмін. Олар - сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ, т.б. Құрамында А
дәрумені бар тағамдарды күн түспейтін қараңғы жерде сақтайды. Оларды ыстық сумен жумайды.
А дәрумені көздің көру процесіне қатысады.
Арсен: В
Менсіз жүйке шаршайды
Ашуланып кеп саларсың айқайды
Қан азайып әлсірейді жүрегің
Асқазаның қорта алмайды
Нурия :С
Мен болмасам бойыңда
Тісің дұрыс өспейді
Ішкен асың бойыңа
Жөнімен тарап сінбейді
Мен итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында боламын.
Ясмн: Д
Мен жетіспей қалғанда
Мешел болып өсерсің
Қаңқаң қисық болғанда
Өкінумен өтерсің
Мен жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы құрамына боламын.Сүйектің минералдануы мен қатаюына көмектесемін.
(слайд)
«А» дәрумені: қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар.
«В» дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен.
«С» дәрумені қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі.
«Д» дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде .
Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді.
Би: "Хорошее настроение"
/Тұмау келеді/
/Балалар бет перде киеді./
Тұмау:
— Сәлеметсіңдер ме, менің әлсіз де, кішкентай балаларым. Мен тұмау деген патшаларың боламын. Сендер мені тостыңдар ма? Мен жеміс-жидектерді жумай жегенді жақсы көретін балалардың қасында жүргенді ұнатамын.
Махаббат: Біз сені күткен жоқпыз, әрі шақырған да жоқпыз. Біз жемістерді жақсылап
жуып жейміз ғой балалар. Барлық балалар:
— Ия! – Ия!
Тұмау:
— Сендер менімен қалай күресу керек екенін біледі екенсіңдер! Мен сендермен дос болғым келеді. Дос болмасаңдар сиқырлап тастаймын.
Вероника : Біз сенің сиқырыңа сиқырланбаймыз, сенімен күресудің жолын білеміз,
бетперде киеміз, дәруменді көп жейміз. Денсаулығымыз күшті.
Тәрбиеші: Тұмау жаман ауру. Егер тұмаумен ауырып қалсақ, қаліміз қандай болады?
Басымыз ауырады, ыстығымыз көтеріледі, достарымызбен серуенге шықпай қаламыз, мамамыз жұмыстан қалады, бізді дәрігерге апарады, балабақшаға бара алмай қаламыз.
Тәрбиеші: міне көрдіңдер ме, тұмау жүрген жер жақсы емес. Біздер ауырып қалмас үшін не істеуіміз керек?
Балалар: Көкөністен жасалған тағамдар жеуіміз керек, жеміс-жидектен жасалған шырындар ішіуіміз керек, спортпен айналысуымыз керек, тазалық сақтау керек.
"Денсаулық" туралы видеоролик
Тәрбиеші: Тұмау, сен енді көкөністер мен жемістердің балалардың денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін тыңда. /Көкөністер мен жемістердің айтысы/ Оқушы: - Мәссаған! Мына қызықты қараңыз, көкөністер бір – бірімен айтысып жатыр екен. «Мен пайдалымын» деп шу шығарып жатыр.
Ельдар : Менің жер шарында көп түрлерім бар, менің құрамымда «А», «В», «С», «Д» дәрумендерім бар. Мені көп жесеңдер ауырмайсыңдар.
Нарттай қызыл алмамын. Мәз болады алғандар, Жазда әдемі киінем, Тілді балдай үйірем. Айзере: Мен бақшадағы ең ірі көкөніспін. Үлкен болғандықтан бақшада көп орын аламын, салмағым 16 кг жетіп, аязыңа пысқырмай жата беремін. Орталық Азияда менен әртүрлі бұйымдар, ыдыстар жасаған. Адамға қажетті көкөніспін. Сен керемет емессің, бірақта мақтана бер, асқабақ. Мен де кішкентай емеспін, бәріне де белгілімін. Онда неге сені бұлай атаған? Ежелгі египеттіктер мені қатты жақсы көрген. Адамдардың ас қорыту мүшелеріне өте пайдалымын. Қыс бойы мені тұздап сақтап қойып, тағамға қажеттті дәрумендерім үшін қолданады. Сондықтан мен керемет көкөніспін. Басқасына қарағанда қияр сияқты кішкентай емеспін. Қияр келеді. Қияр: - сопақшы көк өңім бар, Пайдалы, мөлдір сөлім бар. Піскен кезде жиярсың, Менің атым – қиярмын. Қазір ұзын сабағым Жан – жағыма тарайды. Қол ұстасқан баладай, Бақшаны алып барады. - Әрине, басқа көкөністерге қарағанда мен дәрумендерге бай емеспін, сонда да мен сүйікті көкөніспін. Қыста да, жазда да бармын. Ежелгі Египетте бай адамдар шырын жасап, әртүрлі ауруларға пайдаланған. Терінің қартаймауына көмектесемін. Және қазіргі кезде косметикаға да қолданады. Қызанақ келеді. Қызанақ: - Немене бәрің оны ренжіте беречіңдер? Мен де кішкентай болсам да адамдарға пайдалымын. Асқабақ: - сен де мақтанғың келіп тұр ма? Қызанақ: - Жо – жоқ, мен өзімнің отаным Перуді мақтан тұтамын. Көптеген дәрумендерге баймын, мәселен, А дәрумені жетіспесе адам ағзасы өсуі баяулайды. Әсем, нәзік көріктімін, Көктей жеуге болмайды. Салатқа мені қосқанда Қияр қасымнан қалмайды. Қып – қызыл боп пісемін, Жәшікке лақтырып салмайды. Жарылып қалам өйткені, Көтермеймін ондайды. Пияз: Егер қызанақ өзін-өзі пайдалымын, бәріне қажетпін десе онда менде мақтанайын. Босқа қарап тұрамын ба! Менсіз астың дәмі жоқ, Күлдіре алмаймын, жылайсың. Ащы болсам да мені, Базардан жиі сұрайсың. Түшкірсең, пысқырсаң Мен шипа боламын.
Сәбіз: Мен де де бар дәрумен, салатқа да қосады, тағамға да қосады. Сары дәмді, ұзынмын, Жер астына тығылдым. Тартсаң шыға келемін, Өсіп тұрған бұрымнан. Күзде қазып аласың, Тамаққа да саласың. Егер мені көп жесең, Биік, ұзын боласың.
Пияз келеді де сарымсақтың қасына тұрады. Асқабақ: - Сен неге сарымсақтың қасына тұрасың? Сендер доссыңдар ма? Пияз: - Біз дос қана емеспіз, ағайындымыз. Мені Біздің дәуірімізге шейін білген. Ежелгі Римде солдаттарға батырлық пен күш береді деп есептеген. Әртүрлі аураларға, тұмауға, тіс ауырғанда, чума ауруына қарсы пайдаланып, емделген. Мысырлықтар тәңір жаратқан өсімдік деп ерекше қастерлеген. Барлығы: Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз. Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз. Тәрбиеші: Барлығыңда дәмдісіңдер, Шырқап айтар әнімсіңдер. Көз тоймайтын кереметке, Дастарханның сәнісіңдер. Ән: "Алматының алмасы" Жұмаділова А
Тәрбиеші: Балалар, жалпы, әр адамның денсаулығы үшін дәрумендердің алар орны ерекше екен. Сол себепті, құнарлы тағамдарды көбірек жеген дұрыс. Ал дайын дәрумендерді пайдаланғанда дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн. Дәрігерге сөз беру. Сергіту жаттығуы.
ІV. Қорытынды: Қорыта келе, біз денсаулығымыз жайында көбірек ойлауымыз керек. Рухани тәрбиенің орны бөлек. . Ал денсаулығына тікелей әсер ететін жәй – дұрыс тамақтануы, жеміс-жидекке үйір болуы, дәріге емес, дәруменге, яғни, витаминдерге, онда да жасандысына емес, табиғиларына жақын жүруі. «Бірінші байлық - денсаулық» деген халық мақалы бекер айтылмаса керек. Адам баласы ерте заманнан – ақ денсаулық үшін күрес жүргізіп келеді. Осымен «Дәрумендер-денсаулық кепілі» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.