Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Қарлығаш" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Карлыгаш" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қызықты математика

25.11.2020

Қараша айының 9 мен 13 аралығында № 1"Балдәурен" тобында "Қызықты математика" атты қысқа мерзімді жоба шынымен де қызықты да тартымды өтті.

Жобаның мақсаты:

Балаларды он көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге, сандардың реттік қатарын жаңылмай айтуға, көп – аз, артық – кем ұғымдарын түсініп айтуға үйрету. Заттардың кеңістікте орналасу бағыты, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту.
Балалардың берілген тапсырмалар арқылы  ақыл – ойларын дамыту.
Балалардың  математикалық мазмұнды ойындарға,  есепке қызығушылықтарын және  таным құзыреттіліктерін арттыру. Қабылдау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Әр күнге жоспарланған іс-шараларға балалар қызығушылықпен қатысып, білімдерін шыңдай түсті. Ал біз тәрбиешілер, апта бойы әр өткен әр оқу қызметіне математиканың элементін кіріктіруге тырыстық. Соның ішінде, жапсыру оқу қызметінде балалар бірігіп, "Көңілді пойыз" ұжымдық жұмысын жасап, әр вагонға сандарды ретімен үйлестірді. Жобаның жүзеге асуына балалармен қатар ата-аналар да ат салысып, математикалық ойындар, кітапшалар жасап әкелді.   Жобаның жабылуы "Математика ертегі әлемінде" атты ойын-сабаққа ұласып,  "Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?" көрмесіне үлес қосқан балалар мадақтамамен марапатталды. Тәрбиешілер Мукашева М.Қ., Хамзина А.Л.

Просмотров: 254


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст