Өнерлі-өрге жүзер…
Жарқырап жанған жұлдыз.
28 ақпанда болған «Көкше ханшайымы» атты сайыста, 21 бала бақшадан, 4-5 жас аралығында қыз балалар керемет өнер
көрсетті. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: таныстыру, өнері, сән көрсету (киім үлгілері).
Соның ішінде біздің «Қарлығаш» балабақшасы да, жай қарап қалған жоқ.
Сайысқа
9 «Арай» тобының 5 жастағы Олжабай Амина қатысты. Таныстыруында Амина
әндетіп билеп сахнада өзін жақсы ұстай білді, оған 3-4 топтың балалары би билеп
қолдады. Өнерінде «Астана» әнін көңілімен көрсете білді қазақша әдемі сәукелелі
болды. Сән қоюда «Рухани жаңғыру» қыранның бейнесін киім үлгісімен көрсетті.
Содан 2 орынға ие болды.
Амина өте дарынды да өнерлі ханшайым,
өзін жақсы көрсетіп қазылар көңілінен шықты. Әлбетте бұл бір адамның қолынан
ғана келе қоймайды, барлығымыз жұмыла дайындалып жемісін көрдік. Әлі де жүлделі
орындарға ие боламыз деп сенеміз.