«Ашық есік күні»
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі – білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» дейді В. А. Сухомлинский Біздің №9 «Қарлығаш» балабақшасында «Ашық
есік күні» өтті. № 3 ересек «Капелька» тобының ата-аналары қазақ тілі сабағына қатысты. Сабақ ойын түрінде тартымды қызықты өтті. Мұғалім сабақта интербелсенді тақтаны қолданды. Балалар белсене қатысып,
сұрақтарға жауап беріп отырды. Ата-аналар балалардың білімдерінекөңілдері толып, қазақ тілі мұғалімінің сабағына жақсы баға берді