09.02. 2017 күні балабақшада ата-аналар жиналысы өтті. Тақырыбы: «Баланы оқыту, тәрбиелеу және
дамыту мәселелері бойынша отбасы мен балабақшаның бірлесе атқаратын жұмысы».
Б/б меңгерушісі Жунусова Ж.Ж. сөзі тыңдалды. Тақырыбы: «Балабақша
мен отбасының бірлесе атқаратын жұмыстарының түрлері туралы» (тұсаукесер)
Барлық жасаралық топтардың ата-аналары сөз сөйледі, олар тәрбиешілердің, балалардың және ата-аналардың бірлесе атқаратын жұмыстары
туралы айтып өтті.
Психолог Сердалина А.К. кеңесі тыңдалды, тақырыбы: «Отбасында тәрбиелеу кезінде жіберілетін қателіктер»
Меңгеруші Жунусова Ж.Ж. «Ересектер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру» тақырыбында сөз сөйледі.
Тар көлемді мамандар ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап берді.