Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Қарлығаш" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Карлыгаш" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Президент Жолдауынан

24.02.2017

Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

Жолдау-2017: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

«Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын. Біздің заңнамамызды жаңа жағдайға бейімдеу керек».

Жаңғыру біздің экономикамызға ғана әсерін тигізбейді. Жуырда мемлекеттік қызметті электронды форматта көрсете бастайды. Уақыттан артта қалмас үшін, ғылыми әлеуетіміз болу керек. Біз жоғары оқу орындары, Назарбаев Университеті және «Алатау»

иннновациялық технологиялар паркі базасында өзіміздің ғылыми және инновациялық әлеуетімізді дамытуымыз керек. Жаңа технологиялар дәстүрлі салаларымызға да келіп жетеді. Оларды қосымша шабыт және технологиялық қайта құралдандыру күтіп тұр. Ең алдымен аграрлық сектор. Оған ерекше ұтыс жасайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

«Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс. Сонымен қатар, астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керек. Шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз

халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз».

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев жай ғана мақсат қойған жоқ. Ол нақты сандармен, шамамен, пайызбен өлшеп көрсетті. Әрине, құжаттарда сандар көп көрсетілген.

Және, бұл сандардың біраз бөлшегі әлеуметтік мәселелерге қатысты. Мысалы, базалық зейнетақы жаңа әдістеме бойынша тағайындалады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

«Базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді. Осы өсімнің барлығы 2018 жылы базалық зейнетақының жаңа мөлшерін 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе арттыруға мүмкіндік береді. Елімізде жыл сайын 400 мыңға жуық бала туады, бұл – 1999 жылғы деңгейден 2 есе дерлік жоғары. Мұндай жақсы үрдісті алдағы уақытта да сақтау керек. Менің тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі».

Ең төменгі күнкөріс шегі де қайта қарастырылады. Ол қазақстандықтардың нақты тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуге тиіс. Әлеуметтік көмек көрсетудің сапасы да жоғарылай түседі. Ал, әкімшілік айыппұл, керісінше, төмендеуі мүмкін. Тәртіп бұзушылыққа сай, айыппұл салынуы керектігін айтып өтті. Мемлекет сонымен қатар, дәрі-дәрмектің бағасын да қадағалап отырады. Бірақ, оны да бюджет есебінен қарауды бастайды. Басқаларына қарағанда, ең көп ақша алатын үш министрліктің қаражатты қалай жұмсайтындарын тексеру міндеттемесін жүктеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін, сонымен қатар, денсаулық сақтау және білім және ғылым министрлігін тексеріс күтіп тұр.  

Просмотров: 234


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст