Текст
Ақпанның 28-нен наурыздың 6 күндері аралығында №9 «Қарлығаш» балабақшаның барлық топтарында 8 наурыз - аналар мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті. Балалар бұл мерекеге ерекше шабыттана дайындалды, би биледі, тақпақтар оқыды, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер айтты, қойылымдарға қатысты. №3 топтың тәрбиешілері Бибик С.Н. мен Михалева В.В. балалары «Мама будь со мной» өлеңімен билеген кезде, ата-аналар
мен қонақтар ерекше әсер алды. №4 даярлық топтың тәрбиешілері Тюшина Г.С. мен Филиппова А.А. балаларының
қойылымдары да есте қаларлықтай болды. №1, №9, №10 топтың балалары да әртістік қабілеттерімен көзге түсті. Әрбір
бала өзінің анасына деген сүйіспеншілік махаббатын жеткізе білді.