Текст
Табиғатқа саяхат
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №9 «Қарлығаш» балабақшасы МКҚК-ның ұжымы кәсіподақ
ұйымының қолдауымен Зеренді ауданында орналасқан «Өмір суы» атты сарқырамаға саяхатқа шығып келді. Табиғат аясында жақсы демалып, қарағайлы орманда серуендеп бой жазып қайтты. Қыс бойы жауған қалың қардың суы бір арнаға жиналып, сарқыраманы құрайды. Алған әсеріміз өте мол.