Текст
«Мәңгілік Елдің-мәңгілік тілі»
№9 «Қарлығаш» бала бақшасында «Мәңгілік Елдің-мәңгілік тілі» атты Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған онкүндік өтті. Онкүндікте тақырыптық сабақтар, балалармен «Біз бақытты баламыз» тақпақ сайысы, «Мен бәрін білгім келеді» үштілде мақал-мәтел жарысы, «Мерген-2017» , қызметкерлермен «Тіл білгірі» сайыстары өтті. Онкүндік жабылу салтанаты «Мәңгілік Елімнің –мәңгілік тілі» атты шағын концертпен аяқтады Қазақ тілі мұғалімі А.Б. Сексенбаева «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы аясында мектепке
дейінгі білім беруді дамытудың заманауи үрдістері» облыстық конференцияның секция жұмысына белсен қатысқаны үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан Грамотасымен марапатталды