«Жасыл шырша жанында»
2017 жылдың 26-шы желтоқсан күні сағат 11.00-де №6 «Ақбота» ортаңғы тобының «Жасыл шырша жанында! Атты ертеңгілік өтті.Тәрбиеші : Каримова Г.Б. Музыка жетекшісі Бекхожин М.А.
Мереке балалардың өз жас ерекшеліктеріне байланысты өткізілді.
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Міндеттері:
- балалардың ойлау қабілеттерін ,қиялдарын,дамыту
- өлең.тақпақтар айту,би билеу және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
- Өзара бір-бірімен достық қарым қатынасқа тәрбиелеу
Ертеңгілікте 21 бала қатысты және ертеңгілікті олардың ата-аналары,әже,апалары тамашалады.Ата-аналармен алдын ала қауіпсіздік тәртіп сақтау жайында әңгіме жүргізілді.Залға балалар әдемі музыка әуенімен кірді.Барлық балалар мерекеге арналған әртүрлі кейіпкерлер киімдерін киіп шықты. Шыршаға арналған өлең,тақпақ әндерәнмәнерлеп,дауыстап шырқады,билерін өз ырғағымен орындады. Келген кейіпкерлер : Бүлдіргіш,аяз ата,ақшақар,ит өз рөлдерін жақсы сомдап ,балалардың көңілдерінен шықты. Балалар келген кейіпкерлермен ән айтып,ойындар ойнады,билер биледі. Аяз ата мен Ақшақар балаларға әкелген сыйлықтарын тосын сый арқылы,әр баланың атап,көңілдерін көтеріп сыйлықтар табыс етті. Балалар ертеңгілікте өздерін еркін ұстай білді.Ертеңгілк өз жасалған жоспарымен және уақыты бойынша аяқталды.