Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №9 «Қарлығаш» балабақшасында 2018 жылдың 25 қаңтарында жылдық жоспарға сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы отбасының қызметі» атты ата-аналар жиналысы өтті. Аталған жиналыста келесі мәселелі сұрақтар қарастырылды:
1.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мәдениетін қалыптастыру» сұрағымен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі департаментінің маманы Беккажанова Сая Қуанышбекқызы сөз алды.
2. «Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру жолдарына балабақша меңгерушісі Жүнісова Ж.Ж. тоқталып, 2017 жылдағы жасалған жұмыстар туралы айтып, 2018 жылғы жұмыс жоспарымен таныстырды.
3. ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауымен ата-аналар комитетінің мүшесі А.Мырзахметов атындағы университеттің кураторы Нуркутова Асель
Тайжановна таныстырды.
4. Қамқорлық кеңесі-білім ұйымдарын алқалық түрде басқарудың бір түрі. Камқорлық кеңесінің міндеттері және мақсаттарымен ҚК төрайымы Бердина Людмила Григорьевна таныстырды.
Жиналыс соңында балабақша меңгерушісі ата-аналарға тамақтану (ата-аналар төлемақысының көтерілгенін), 2017ж.жасалған ағымдағы жөндеу жұмыстары, қосымша ақылы қызмет жөнінде ақпарат айтты.