Тұмау
мен суық тиіп аурудан сақтану жолдары
Тұмау мен суық тию белгілері жағынан ұқсас жұқпалы аурулар болып табылады. Бұл
ауру түрімен халықтың көпшілігі ауырады. Суық тию – мұрын мен тамаққа әсер
береді, ал тұмаумен ауырғанда тыныс жүйесіне әсер береді; дәл осы ауруға арнап
шығарылған дәрі түрі жоқ. Бұл ауруларды адам ағзасы өзі де жеңе алады, кейде
елеулі асқынулар болуы мүмкін. Иммундық жүйені нығайту және суық тию мен
тұмаудың алғашқы белгілері білінісімен гигиенаны бақылай отырып, сауықтыру
шарасын жүргізіп, кез келген асқынуларды болдырмауға болады.
- Гигиена сақтау
- Иммунитетті күшейту
- Тұмаудың бастапқы белгілері білінген кездегі емдеу шаралары.
● 1-бөлім. Гигиена сақтау
1) Қолыңызды жуыңыз. Суық тию мен тұмаудың алдын алудың ең тиімді және қарапайым
шараларының бірі – қолды жиі және мұқият жуу болып табылады. Бұл қоғамдық
орында, ауада, заттардың бетінде қонған бактериялар мен вирустардың әсерінен
болатын тұмау және суық тиюдің таралуын азайтады. Қолды сулаңыз да сабындап 20
секундтай жуыңыз, алақаныңыз бен қолдың сыртын, саусақ араларын, тырнақ астын
түгел сабын тигенін қадағалаңыз. Қолды сумен жақсылап шайып таза орамалмен
сүртіңіз. Қолды жууға мүмкіндік болмаған орында пайдаланатын, қолға арналған
арнайы дезинфекциялау құралын алып қойған жөн.
2) Мұрын және ауызды жабу. Жөтелу немесе түшкіру кезінде ауызды, мұрынды қолмен
немесе қағаз орамалмен жабу керек, қағаз орамалды бір пайдаланған соң тастау
керек. Бұл – микробтар мен вирустардың таралуын болдырмайды. Бактерия немесе
вирус қолда қалмас үшін, шынтақты бүгіп, білекті басып тұрып жөтелуге,
түшкіруге болады.
3) Халық көп жиналатын орыннан аулақ болыңыз. Суық тию мен тұмау өте тез
таралатын жұқпалы ауру. Халық көп жиналған орында жұқтырып алу қаупі жоғары.
Халық көп жиналатын қоғамдық орыннан өзіңізді алшақ ұстай отырып, ауруды таралу
қаупін азайтасыз. Ондай орында әрбір затты ұстағаннан кейін қолды тазалап жуу
қажет. (мысалы, есік тұтқасы т. б.)
Егер өзіңізді нашар сезініп тұрсаңыз үйден шықпаңыз, тіпті болмағанда бір күн
үйде болыңыз, айналаңызға ауру жұқтыру қаупін азайту үшін.
Баланы балабақшаға берерде дұрыс таңдау жасаңыз. Гигиеналық ережелерді қатаң
ұстанатын, ауру балалардың келуіне тыйым салынатын балабақшаны таңдау қажет.
4) Ортақ пайдаланатын орынды дезинфекциялаңыз. Суық және тұмау вирустары ортақ
пайдаланатын орындарда, әртүрлі заттардың, жиһаздардың бетінде, ауада болады
әсіресе жуынатын бөлмеде, ас бөлмеде. Суық тию мен тұмауды болдырмас үшін
осындай орындарды дезинфекциялау қажет
● 2-бөлім. Иммунитетті күшейту
1) Екпе (Вакцина) салғызу. Арнайы тұмауға, суық тиюге қарсы препараттар жоқ,
сондықтан жылына бір рет вирусқа қарсы екпе салғызу керек.
.
2) Суық тиюден қорғайтын арнайы екпе (вакцина) болмайды. Суық тиюден қорғанудың
ең тиімді жолы гигиена сақтау, ағзаны нығайту яғни денсаулыққа көңіл бөлу.
Үйлесімді диета түрін ұстаныңыз, спортпен шұғылданыңыз (дене шынықтыру
жаттығулары), қолды тазалап жуу т. б.
3) Науқас адаммен байланыспаңыз. Тұмаумен ауырған адаммен тар жерде ұзақ
байланысудан аулақ болыңыз. Осылай кез келген бактерия немесе вирустың
ағзаңызға еніп, ауру туғызуынан сақтайсыз..
4) Өзіңізге тиесілі заттарды ғана пайдаланыңыз. Науқас адам тұтынған заттарды
пайдаланбаңыз. Науқас адамның тұтынатын заттарын бөлек ұстаған дұрыс. Осылай
жасай отырып сіз өз ағзаңызды кез келген бактерия мен вирустан қорғайсыз.
Тамақтанып болған соң, ыдыстардың таза жуылуына назар аударыңыз. (ыдыс жууға
арналған құрал пайдалану, қайнаған ыстық сумен шаю)
●3-бөлім. Тұмаудың бастапқы белгілері білінген кезінде емдеу
шаралары.
1) Ағзаның құрғауына жол бермеңіз. Қызу көтеріліп терлегеннен, мұрыннан
тоқтамай су аққаннан ағзадағы судың мөлшері төмендейді, сондықтан сұйық көп ішу
қажет.
Сұйық көп ішу, аурудың күшеюін төмендетіп, жағдайыңыздың қалпына келуіне көмектеседі.
4-бөлім
Жөтелу әдебін сақтаңыз,қолыңызда
орамал,майлық болмаса алақанға емес,шынтақтың бүгілген жеріне жөтелуге әдеттеніңіз,себебі
алақанмен ауызды үйреншікті жабу,инфекцияның қол мен күнделікті пайдаланатын
заттар арқылы таралуына себеп болады.Жөтелгенде немесе түшкіргенде
аузынызды,мурныңызды майлықпен жабыңыз,қолданылған орамал,майлықты қоқысқа
арналған себетке тастаңыз,жөтеліп жүрген адамдарға айналадағыларға жұқтыру
қаупін төмендету мақсатында медициналық маска тағу ұсынылады.