Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Қарлығаш" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Карлыгаш" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

А Гепатитін алдын алу шаралары

01.02.2018

                                  А  Гепатитін алдын алу шаралары

Гепатит (сары ауру) — бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Оны кей жерде "қызба" деп

атағанымен, гепатит көбіне температураны көтермейді.  Бұл ауру жас балаларда жеңіл формасында өтеді,

ал қарт адамдар мен екі қабат әйелдерде өте ауыр болады. Науқас әдетте, 2 апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін 1 айдан 3 айға дейін қатты

әлсірейді.  Ол адам көзінен сары кеткеннен кейін де 3 апта бойына сары ауруды басқаларға жұқтыра алады.

Белгілері

·        Асқа тәбеті болмайды. Көбіне бірнеше күн бойы тамақ ішпей қояды.

·        Кейде оң жақ бауырының тұсы ауырады.

·        Дене қызуы көтерілуі мүмкін.

·        Бірнеше күннен кейін көз сарғаяды.

·         Тамақтан және оның иісінен лоқсып, құсады.

·         Несептің түсі қызғылт-сары, ал үлкен дәрет — ақшыл болады.

Емдеу жолдары

·        Антибиотиктердің гепатитке еш пайдасы жоқ. Оның үстіне кейбір дәрілер бауырға одан сайын зиян келтіреді. Дәрілерді пайдаланбаңыз.

·        Науқас демалып, көп сұйық ішуі керек. Егер тамақ ішкісі келмесе, оған апельсин, папайя және басқа жемістердің шырындарын беріңіз, бұған қоса сорпа немесе көкөністер организмді витаминдермен байытады.

·         Науқас тамақ іше бастаған кезде тамақтың түр-түрін теңдестіріп беріңіз. Құрамында протеин аздау көкөністі және жеміс-жидекті көбірек қабылдағаны дұрыс. Құрамында протеині мол тағамдарды (ет, жұмыртқа, балық т. б.) көп бермеуді кеңес етеміз, өйткені бұл бауырға салмақ түсіруі мүмкін.

Алдын алу

·         Гепатит вирусы бір адамнан екінші адамға дәрет, лас су мен тағам арқылы тарайды. Ауруды

жұқтырмау үшін науқас адамның дәретін көміп тастау немесе жағып жіберу керек және өзін таза ұстау керек. Мұндай науқастарды күткен кезде оған жақындаған сайын қолды мұқият жуу қажет.

·         Жас балаларда гепатиттің белгілері байқалмайды, бірақ олар ауруды басқаларға таратады. Гепатиттің алдын алуда жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаудың ерекше маңызы бар.

·        Аурудың белгілері жойылғаннан кейін кемінде 3 апта бойы ауруды басқаларға жұқтырмауға тырысыңыз. Жеке ыдыс пайдаланыңыз.

Просмотров: 291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст