Текст
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес, No5 логопедиялық топтың аға тобында «Өз құқығыңды біл, балам!» атты тақырыптық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: балалардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін қорытындылау. Тапсырмалар: 1. Балалардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту және бекіту. 2. Сөйлеу сөздік қорын дамыту (Конвенция, шежіре, денсаулық, емхана, аурухана, туу туралы куәлік, келісімді отбасы, педиатр, хирург, тіс дәрігері, комплимент, демалыс, бос уақыт). 3. Ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 4. Мақал-мәтел, өлең туралы білімдерін тиянақтау. 5.Отбасына деген сүйіспеншілікке, толеранттылыққа, білім алуға құштарлыққа тәрбиелеу, демалысты пайдалы өткізуге, денсаулығын күтуге баулу. Сабақ нәтижесінде мұғалімге берілген тапсырмалар орындалды. Тәрбиешілер: Шифнер Е.А., Ташенова М.С.