Текст
№ 1 "Балдәурен" ересек тобында "Шынықсаң - шымыр боласың!" атты отбасылық эстафеталық сайысы өтті. Мақсаты: Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сайысқа тобымыздың 8 отбасы қатысты. Екі топқа бөлініп, әр-түрлі қызықты спорттық тапсырмаларды балалар аналарымен бірге орындады. Сайыс өте қызықты, көңілді өтті. Барлық отбасы белсене қатысып, мадақтамалармен марапатталып, балаларға тәттілер таратылды. Белсенділік танытып, сайысқа қатысқан ата-аналарға алғыс білдіреміз.
Тәрбиеші -Хамзина А.Л.
Денешынықтыру нұсқаушысы – Маженова М.Б.