Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Қарлығаш" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Карлыгаш" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№ 2 "Балғын шақ" мектепалды даярлық тобында тілдер апталығы өтті

13.09.2021

Қазақ тілі апталығы

         Қазақ тілі – біздің ана тіліміз, сол себепті қазақ тілін басқа тілдер арасында ерекше сүйіп қадірлеуіміз қажет. Ана тілімізге деген махаббатты осы апталық аясында жоспарланған барлық іс – шараларға белсене қатысу арқылы да білдірдік деген ойдамын. Сондықтан осы апталықта әр топ белсенділік пен қызығушылықты, мәдениеттілік пен ыждағаттылықты көрсетті. Мектепке дейінгі балалардың жан – жақты ана тілінде дамыту және оның тілдік қарым – қатынаста болуын басты мәселе деп есептеуі қажет.        Себебі тіл- адамның қатыныс құралы. Басты мақсат, өз ана тілінде балалардың сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені,табиғатты бақылап, түсіндіріп әрдайым сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, баланың ана тілінде дұрыс сөйлеу, оқу, жазу машықтарын меңгеруі үшін тіл дыбыстарын дұрыс айта білуінің маңызы зор. Сондықтан балабақшада оқыту мен тәрбиелеу кезінде сәбилер тобынан бастап балаларға сөзді дыбыстық жағынан дұрыс айтқызып үйрету мәселесі қарастырылған.
Әрине, балалардың тіл мүкістігін жоюдың, сөзді дұрыс дыбыстап үйретудің өз әдіс - тәсілі, жүйесі, әдістемесі болады.Сондықтан баланың тілін жаттықтыру үшін көптеген қазақ жазушыларының өлең, ертегелерімен жұмбақ, жаңылтпаштарымен бойларына сіңірген жөн. Ұлттық ойындарды үйреткен кезде, жатқа айтатын сөздерді дұрыс жаттатқызып бала есінде қалғандай етіп үйреткен дұрыс.Мысалы «Қуырмаш» өлеңін айтқанда кіші топ балаларына қимылмен және атрибудпен болмаса саусақ тертры арқылы көрсеткен.
         Ана тілді дамыту үшін балалармен ата- аналары да, тәрбиешілермен қосылып осылайша жұмысын жасады. Менің ойымша осындай тәрбие бұрыс. Өйткені бала жасынан осыған үйреніп кейіннен үйреншікті ісі болып қалады. Балабақша осы мәселе туындамас үшін, тәрбиені ойыншықтар арқылы емес, тілмен жеткізіп дұрыс. Егер де оқу мен тәрбие бір жақты ғана болса, онда ол жүзеге аспайды, қудырап қалады, сондықтан оқуда, ата – ананың рөлі ерекше болу керек. Қазіргі заманда жас ата –аналар балаға тәрбиенің орнына, қымбат сыйлықты ұсынып үйренген. Қазақта мақал бар «Жұмыла көтерген жүк - жеңіл», болады деген. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, біздің қолымызда.

«Қарлығаш» балабақшасы №2 «Балғын шақ» тобы

                                  Тәрбиешілер: Омарова Д.И.

                                                              Кажигалиева М. А.

Просмотров: 251


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст