Серуен –Мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі. Серуеннің мақсаты –бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын –алу , денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.
Серуеннің міндеті:Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру. Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру. Баланың қимыл-белсенділігін арттыру. Баланың танымдық көркемдік –эстетикалық әлеуметтік тұлғалық дамуына ықпал ету.
№ 1 "Балдәурен" тобының балалары серуен кезінде әр түрлі қимылды оындарды ойнағанды ұнатады. Ойын барысында балалар белсенділік танытып, қызығушылықтары артады. Ойын ойнап болғаннан кейін балалар емін еркін тыныстап, аулада өз беттерінше ойнайды. Күнделікті серуен балаларға жағымды әсер етіп, денсаулықтарының нығайуына септігін тигізеді.