Текст
1 мамыр мерекесі қарсаңында #1 "Балдәурен" тобында балаларды жақсы істер жасауға баулып, қоршаған ортаға деген қамқорлыққа тәрбиелеу мақсатында, "Жақсы істер" тақырыбында квест ойын өтті. Ойынға тобымыздың бүлдіршіндері қызыға, белсенділікпен қатысты. Ойын барысында жол картасы арқылы аялдамаларға тоқтап жақсы істерден тұратын тапсырмалар орындау арқылы сиқырлы сандықты тауып, балалар мәз болды. Ата-аналарлың көмегімен құстарға жем-сауыт пен ұялар жасалып, ауламыздың ағаштарына ілінді. Ойын соңында балалар мерекеге арналған әндерін шырқап, сандықтан шыққан сыйлықтарын алды.