Текст
«Қарлығаш» б\б денсаулықты сақтауға,ойын түрлеріне және балалардың интеллектін жоғарылатуда АКТ-ны пайдалану арқылы орыс тілі пәнінен «Қыстайтын құстар»алдын-ала қарау ашық оқу қызметі өтті. Мақсаты:қыстайтын құстар туралы балалардың білімін кеңейту, сөздерді буынға бөліп үйрену және барша тіршілік иесін құрметтеуге тәрбиелеу.Сәлемдесуден кейін тәрбиеленушілер қыстайтын құстар туралы әңгімені тыңдап, жұмбақтар шеше отырып,түрлі сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар,жеке сөздерді буынға екі тілде (орысша,қазақша) бөлді. Сергіту сәтінен кейін қыстайтын құстар туралы слайдтар көріп, бірнеше рет қайталанғандықтан,есте сақтады. Сабақтың қорытындысы ретінде, балалар құстар туралы өлеңдер оқып, құстар сияқты билеп берді.